10 "А" сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтті
Гуманитарлық пәндер апталығы аясында 10 "А" сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтілді.Пән мұғалімі: Алданыш Е.Ашық сабақ мазмұнды, тартымды және жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар көркем шығарманы талдап, өз ойларын еркін жеткізіп, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді.Сабақта оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.Пән мұғалімі Алданыш Е.-ге шығармашылық табыс тілейміз!