Гуманитарлық пәндер апталығының ашылуы
Мектебімізде Гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен апталықтың ашылу салтанаты өтті.Апталықтың мақсаты - оқушылардың гуманитарлық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, ана тілімізге, төл тарихымыз бен әдебиетімізге деген құрметін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Апталық барысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәндерінен ашық сабақтар, мәнерлеп оқу сайысы, зияткерлік ойындар, эссе байқауы және танымдық кештер өткізу жоспарлануда.Барлық оқушылар мен ұстаздарды апталық іс-шараларына белсене қатысуға шақырамыз!
